Сн, 19.05.2012 Астана уақыты:20:53

Жаңалықтар

01.12.2011 Алғаш рет зертхана жағдайында мидың бұлшықетті бақылауына мүмкіндік беретін жасушалар табылды

Орталық Флорида университетінің қызметкерлері адамның бұлшық еті мен жұлынындағы жүйке-бұлшық етін қосу мақсатында ствол жасушаларын қолданған алғашқы зерттеушілер болды

01.12.2011 Бүгін Дүниежүзілік ЖҚТҚ-мен күрес күні

Бүгін ЖҚТҚ (жұқтырған қорғаныш тапшылық белгілері) дертімен күресудің Дүниежүзілік күні

30.11.2011 АҚШ-та тұмаудың жаңа түрі анықталды

Адамдарға шошқадан және адамнан адамға жұғатын H3N2 типті гриптің жаңа вирусының Америка Құрама Штаттарының кейбір аймақтарында таралуы Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымын әбігерге салды

29.11.2011 Ғалымдар тұмауға қарсы әмбебап екпе ойлап табуды қарастыруда

Әлемнің барлық ғалымдары тұмауға қарсы әмбебап вакцинаны жасап шығармақшы

29.11.2011 Ғалымдар эмбрион миынан алынған нейрондарды көшіріп үйренді

Эмбрионның миынан алған, жетілмей қалған нейрондар, мидың дертін жазып, зат алмасу процесін реттеуге ықпал етті

Жаңалықтар мұрағаты

Холдингтің басты жобалары

  • ПЭТ

    Қазақстанда тұңғыш рет «Республикалық диагностикалық орталықтың» базасында Ядролы медицина орталығы құрылды. Ол Орталық Азия аумағы бойынша бірінші болып, позитронды-эмиссионды томографпен және компьютерлік (ПЭТ/КТ) томографпен жабдықталған. ПЭТ метаболизм, зат транспорты, лиганд-рецепторлы өзара іс-әрекеті, ген экспрессиясы және т.б. процестерді зерттеуге мүмкіндік береді. Метаболиялық процестердің бұзылуы құрылымлық өзгерістердің бастамасы. Сол себепті ПЭТ көбіне онкологияда қолданылады.
  • ОФЭКТ

    ОФЭКТ - Ядролы медицина орталығының тағы бір ерекше аппараты. ОФЭКТ тәсілін тәжірибеге енгізу ішкі ағзаларға радионуклидті диагностика жасауда үлкен мүмкіндіктерді ашты. ОФЭКТ көмегімен жасалынған диагностика кардиология, нефрология, онкология, эндокринология, ревматология және пульмонологияда кеңінен қолданылады. Нейропсихиатрия тәжірибеде мидың қан тамырлары дертін зерттеуде, перфузия мен ми терісінің метаболиялық статусы кезінде үш деңгейлі бейнелеуге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
  • Постурография және стабилометрия

    Ортопедиялық, неврологиялық, вестибулярлы және гериатриялық патологияның нәтижесінде қимыл-қозғалысы бұзылған пациенттердегі баланс пен жүру дағдыларын диагностикалаудың, тестілеудің, емдеудің жаңа әдісі. Бұл әдісті қолдану жүріп-тұру кезінде тепе-теңдікті сақтауға атсалысатын саналы және түйсіктегі психикалық қызметтің механизмін ынталандырады. Бұл тәсіл әсіресе аяқ-қолы сал болып, бұлшық ет пен буындардан жан кеткен науқастарға пайдалы.
  • БКБ-әдістемесі

    «Республикалық балаларды оңалту орталығында» биологиялық кері байланыс (БКБ) технологиясы іске қосылған. БКБ-тан өткен балаларда тітіркену, шиеленіске бейімділік, мазасыздық, қарсылық жоғалып, көңіл-күйлері көтеріледі. Сондай-ақ, БКБ әдістемесі медициналық оңалту үшін қолданылады. Және бұл тәсілді неврология, ортопедия, травматология, дене шынықтыру мен спорт саласында пайдалануға болатындығы көрсетілген.
  • Кішіинвазивті хирургия

    «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығында» хирургияның кішіинвазивті тәсілі қолданылады. Бұл тәсіл адам ағзасына кірігуді азайтуға және шама-шарқынша теріге зақым келтірмеуге бағытталған. Орталықта кішіинвазивті рентгенхирургиялық тәсілмен жедел тамыр, өкпе, гепатопанкреатобилиарлы, гинекологиялық, урологиялық, онкологиялық патологияны емдеу жүзеге асырылады.
  • Локомат

    Қазақстанда тұңғыш рет 2011 жылдың қаңтарынан бастап «Республикалық балаларды оңалту орталығында» балалар мен ересектердің жүру қабілетін қалыптастыруға және дамытуға арналған жоғары мамандандырылған медициналық қызмет – «Локомат» роботталған кешені іске қосылды. Бұл құрылғы инсульт, ми мен жұлынға зақым келгенде, БЦП кезінде, ортопедиялық емдеуден кейін және өзге де жүріп-тұру қиындаған тұста өте қажетті. Тренинг пациенттерде жағымды психоэмоционалды сезім тудырып, олардың өз бетінше жүруіп кетуіне үлкен ықпал жасайды.
  • Нейрохирургия

    «Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында» заманауи технологияны пайдалана отырып, бірегей операциялар жасалады. Мәселен, бас сүйектегі ісікті трансназальды жолмен алу, мидағы терең ісіктерді алу, ми тамырларына, омыртқаның кез-келген бөлігіне сан түрлі операциялар жасау, перифериялық жүйкеге микрохирургиялық операциялар жасау, омыртқа жүйесіне заманауи стабилизациялық импланттарды қою және т.б.
  • Подометр

    «Республикалық балаларды оңалту орталығында» пациенттің жалпақ табандылығын анықтау барысында подометрлік тәсіл қолданылады. Ол жалпақ табандылықтың деңгейін анықтауға және табанның дұрыс физиологиялық қалыбын пациентке жайлы болуына қарай жинақтау арқылы модельдеуге көмектеседі. Подометр жуан әйнектен жасалынған плитка. Онда пациенттің аяғы қойылады. Подометрде дәрігер пациент табанының визуалды картинасын байқайды. Сол арқылы ұлтанды бүге-шігесіне дейін байқап, бағдарлай алады.
  • Ортезді зауыт

    «Республикалық балаларды оңалту орталығы» кеңестік кеңістіктегі «Paromed» фирмасының компьютерленген құрал-жабдықтары жұмыс істеп тұрған жалғыз медициналық мекеме болып табылады. Бұл қондырғы нақты белгіленген параметрлер бойынша пациенттерге эксклюзивті ортопедиялық ұлтарақты жасауға мүмкіндік береді. «РБОО» АҚ жұмыс істейтін «Ортезис» ЖШС құрамында іске қосылды. Сан қилы ортездерді дайындаумен айналысады. Зауытта ортез өндіру бойынша әлемдегі алдыңғы қатарлы фирмаларда тәлім алып келген жоғары білікті мамандар жұмыс істейді.
  • Монтессори әдістемесі

    «Республикалық балаларды оңалту орталығында» Монтессори-педагогикасы мектебі бар. Мұнда 1 мен 6 жас аралығындағы балаларға арналған адамзаттың дамуы жайлы медициналық және психологиялық ақпараттар негізінде жабдықталған кабинеттер жұмыс істейді. Монтессори әдістемесі баланың назарын дамытуға, шығармашылық және логикалық ойлауға, жадын, сөйлеу қабілетін, қиялын, моториканы қалыптастыруға көмектеседі. Бұл әдістеме айналадағы адамдармен араласу дағдысын меңгеруге септігін тигізетін ұжымдық ойындар мен тапсырмаларға аса мән беріледі. Сондай-ақ, баланың дербестігін дамыту үшін күнделікті өмірдегі әдеттерді меңгеруіне көңіл бөлінеді.
  • Бүйрек трансплантациясы

    Алғаш рет Қазақстанда «Республикалық жедел медициналық жәрдем ғылыми орталығы» АҚ-да бүйректі алмастырубойынша бірегей операция сәтті өтті. Операция Астана хирургтары мен «Анам» Корея Университетінің трансплантологтарының бірігуімен жүзеге асты және ойдағыдай жасалды. Трансплантологтар бригадасы Германия, Оңтүстік Кореяда оқып келген. Қазіргі таңда деректер базасын құру, донор-реципиенттер жұптарын таңдау, келесі жоспарланған операцияларға дайындалу бойынша үлкен жұмыстар жүргізіліп жатыр.
  • Республикалық санитарлы авиацияның координациялық орталығы

    2011 жылы Қазақстанда тұңғыш рет Республикалық санитарлы авиацияның координациялық орталығы ашылды. Орталықтың негізгі міндеті Қазақстан Республикасының тұрғындарына әуе санитарлық транспортты қолдана отырып, жедел медициналық және консультативтік көмек көрсетуді жетілдіру, координациялау. Орталық өз міндетін ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі, ҚР Ішкі істер министрлігі, ҚР Көлік және коммуникация министрлігімен және азаматтық авиациямен біріге отырып жүзеге асырады.